Share:




Lyrics



Сені іздеп күнім жиекке жығылады
Қызылды жасыл дүние құбылады
Жанарыма кеп түйе жас тығылады
Сезімің тамшы əйнекке ұрылады
Сыңары аққудың сыңсиды сынық əні
Сол əнді жаным өзіңдей кім ұғады

Қайырмасы
Сағындырған күнім сені ойладым бүгін
Қайырылмастан распа кеткенің
Сағындырған күнім сені ойладым бүгін
Сағым болған менің көктемім оууу...

Алмасып күнмен көгімде ай қалады
Терезесімен көңілде ай қарады
Тарыдай ғана жұмыр жер айналады
Мені емес сені қара түн аймалайды
Жарық күніңмен жылытқан бар ғаламды
Жүр екенсің ау мекендеп қай қаланы

Қайырмасы
Сағындырған күнім сені ойладым бүгін
Қайырылмастан распа кеткенің
Сағындырған күнім сені ойладым бүгін
Сағым болған менің көктемім оууу...





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

21.10.2018