Мына ғұмыр сабындай-ақ қамшының lyrics

Akonya_krutaya

0
0

Share:


Мына ғұмыр сабындай-ақ қамшының,
Сұрауы бар тіпті түскен тамшының.
Көз жастың да сұрауы бар білсеңіз,
Жұбатыңыз жылағанды көрсеңіз!
Жұбатыңыз жыласа жетім алдыңда,
Көз жасын жас сəбидің қор қылма!Əттең,шіркін!
Болса адамдар мейірімді шетінен,
Қақпаса екен жас сəбиді бетінен.
Көз жастарын көл қылдырмақ түгілі,
Мұңайтпастан аялашы,өтінем...
Ойыншық қып жас сəбидің тағдырын,
Өз баласын лақтырады екен тағы кім?
Қанша жетім жылайды екен анасыз,
Қанша сəби қалады екен панасыз?!-Анашым! Кеттің мені лақтырып,
Кетпек пе едің мені мүлде жоқ қылып?
Керексіз боп жəшігінде қоқыстың
Білмеймін қанша уақыт күн кештім.
Аянышпен тауып алса адамдар,
Арсыз дейді, сені бəрі жамандар.
Бірақ ана, білемін жаман емессің,
Тоғыз ай көтеріп мені жүргенсің.
Жарық өмір сыйладың да жоқ болып,
Менсіз-ақ жақсы өмір сүргенсің.
Бірақ ана, ойламапсың сен мені,
Келмедің ғой бір рет болсын көргелі.
Жағдайымды сұрамады бір рет те,
Содан бері із қалды ғой жүректе...Міне осы тастандының сөздері,
Мөлдірейді аянышты көздері.
Армандайды, ата-анам болса деп,
Қиялдайды, бақ басыма қонса деп.
Маған жауап беріңдерші неліктен
Өзге жандар жасаған кінə үшін,
Қор қыламыз сəбидің сағынышын?
Неге жауап береді тастандылар
Өзге жандар жасаған күнə үшін?
Барлығы болып жатыр бұл қоғамда,
Ұқсайды ұят мүлде жоғалғанға.
Жай ғана ұқсайды ма бұл қоғам,
Əлде шын арсыздардан құралған ба???
Akonya_krutaya, Мына ғұмыр сабындай-ақ қамшының lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

09.06.2017