Ақмаржан Таубаева‎ Шәкірт хаты (0) lyrics

Шәкірт хаты lyrics

Ақмаржан Таубаева‎

0
0

Share:


Мейрам күні жетті сәлем хаттарың,
Шәкірттерім - құйттай қолғанаттарым.
Осы хаттар қандай қымбат мен үшін,
Бойтұмардай қастер тұтып сақтармын.

Мына бір хат...
Сөз бастасы бөлектеу,
Өзгеше бір жылу құйып жүрекке.
«Сағыныштың сазын шертіп барады:
Сонау бір кез.
Апай, сізбен бір ек», - деп.

Ақ параққа ойын тізген Ерболат,
Сәби кезі жүр сөзінде жорғалап...
Моп-момақан, озат, сүйкімдім менің,
Өткен күнін естелікпен жалғамақ.

... Мейрам күні жетті сәлемхаттарың,
Шәкірттерім - құйттай қолғанаттарым!
Хатпен бірге жіберейін жүректің,
Өздеріңмен бірге өткізген шақтарын.






GM

Added Lyrics

26.08.2016