Аққалиева Нұрай Серікқызы Сынған аквариум lyrics

Сынған аквариум Аққалиева Нұрай Серікқызы

0
0

Share:


Lyrics



Сынған аквариум
Көктемнің күні еді жайма шуақ
Аквариум балығымен тұрды жайнап.
Сол бір сәт кезі еді ғой қоңыраудың,
Балалар жүр үзілісте күліп-ойнап.
Қағып кетті Күлзағира аквариумды,
Байқамай қалып еді не істейді енді.
Істегенмен бірақ енді амал бар ма,
Сасқалақтап қарайды ол оң мен солға.
Қатты қорқып сыныптан шығып кетті,
Мұны естіген апайы да ұрсып еді,
Шоқай еді оны әкелген қаладан,
Ашуланған себебі де осы еді.
Тарап шығып бара жатыр сабақтан.
Қуып жетті оны Шоқай артынан.
Сөз бастады:-Сен қорқақ екенсің деп
Ол да айтты:-Мен бе қорқақ екен деп
-Қорқақсың сен, неге екені мәлім ғой,
Мен сенімен дос болам деп жүрсем ғой.
Қорқақ болмасаң бағана егер сен
Аквариумды сындырғаныңды айтар ең.
Дей бергенде:
- Сындырмасам егер мен...
- Өтірік айтып тағы да тұрсың ғой сен,
Қолын сілтеп Шоқай да кетіп қалды,
Күлзағира қызарып басын төмен салды.
Күдіктенді,.ойлады ол былай деп:
«Шоқай мұны елге айтар ма екен» деп
Күндерден күн зулап өтіп жатырды,
Әйткенмен Шоқай аузын ашпады.
Не түйеміз, не аламыз біз бұдан
Деген бар ғой «Өтірік түбі бір-ақ тұтам»
Сол себепті шындықты айту керек,
Сондықтан да шыншыл,батыл болу керек .
6 – сынып.2012ж.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

26.08.2016


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz