Бегімайдың жыры lyrics

Ақбота Керімбекова ft. Саят Медеуов

Бегімайдың жыры

3
0

Share:


Бүлдіргендер мөлдіреп піскен кезде,
Тау бұлағын тамсана ішкен кезде.
Самал желмен тербелген тал қайыңдар,
Бақ ішінде мен сені күткен кезде.
 
Қайырмасы:
Махаббатым сізге арналады, 
Махаббатым сізге,
Тағдырым да сізге арналады.
 
Бал аралар гүлдерге қонған кезде,
Алатаудың бал шөбін сорған кезде.
Құсалықтан қуарып ақ жүзіміз,
Арамыздан көп күндер өткен кезде.
 
Қайырмасы:
Махаббатым сізге арналады, 
Махаббатым сізге,
Тағдырым да сізге арналады.
 
Көңіліңе гүл сыйлар көктем, күзде,
Көздеріңді кірпігің өпкен кезде.
Ең алғашқы жолыққан кештегідей,
Аспандағы алтын ай туған кезде.
 
Қайырмасы:Махаббатым сізге арналады, 
Махаббатым сізге,
Тағдырым да сізге арналады. 
Ақбота Керімбекова ft. Саят Медеуов, Бегімайдың жыры lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

20.10.2015