Қазақтай ел қайда Айнұр Нұрашова

2019

0
0

Share:




Lyrics



Көзіңді салсаң көнеге сонау ғасырға
Соры мен қатар бағы да болған басында
Сөйлеген тарих әрбір тауымен тасында
Батырда қазақ ақында қазақ расында

Той менен күнін өткізген
Алдамай арман жеткізген
Анасы қорғап баласын
Баласы түзде жеткізген
Қолдаған тәңір бақытты халық жоқ бізден

Көңілі сондай даласы қандай кең болса
Марқайып қалар терезең көппен тең болсы
Шегінбес кері шықсада алдан жол қанша
Дастархан жимас қонағы тойып болғанша

Басынан дәулет таймаған
Қазаны күнде қайнаған
Тәңірдің өзі бақытты
Босағасында байлаған
Бірлігі мекен қазағым менің таймаған

Бұл қазақ деген жауды да жеңген батыр ел
Бұл қазақ деген дауды да көрген ақын ел
Думаны бітпей байрағын биік болсын деп
Тілек айтайын алланың ғана атымен

Көрседе қырғын қанды азап
Қайыспай өткен әр қазақ
Қызымын менде осы елдің
Жалғызым дейтін әр қазақ
Құрғанша дүние ау еркіндік әнін сал қазақ





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

18.03.2019