Айқын ft. Ерден Жақсыбеков Үшқоңыр lyrics

Үшқоңыр Айқын ft. Ерден Жақсыбеков

Үшқоңыр

0
0

Share:


Lyrics



Үшқоңыр Алатаудың қойнауында,
Әкемнің ізі қалған жайлауында.
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп,
Арқарың жайылатын аймағында.

Қайырмасы:
Ай, Үшқоңырым, туған жерім,
Рахым нұры тұнған жерім.
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,
Жүрегімде мәңгі есімің.

Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,
Бабалар тұлпарының дүбірі бар.
Бұл жерде Жамбыл – “Жәкең” өлең айтқан,
Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.

Қайырмасы.

Шыңдарың Төле бидің қалпағындай,
Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай.
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені,
Әжемнің шекер қосқан талқанындай.

Қайырмасы.

Көрінер сонадайдан анық маған,
Шыңында қырандары қалықтаған.
Самғаған қыранына құмар қылып,
Өсірген ұландарын алып далам.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

22.11.2015
Music Videos
Айқын ft. Ерден Жақсыбеков
Үшқоңыр


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz