Айқын Төлепберген Әке-ана (2017), lyrics

Әке-ана lyrics

Айқын Төлепберген

2017

12
0

Share:



Біз үшін суалтып жанарың
Біз үшін мандайға салды айғыз
Тоғыз ай көтерген ананың
Бір сөзін көтере алмаймыз
Мәз болып бес күнгі тірлікке
Көңіліне қаяу мұң салдықпа
Әкенің қадірін білдікпе
Ананы аялай алдық па?


[Қайырмасы]
Жанарың жасқа толтырып, жыламасын.
Көрмесін ұл мен қызының, мұң наласын
Ардақтап ата-ананың біл бағасын
Олардың бақыты сен ғанасын.
Жан әкең жанына, жан анаң, жанында
Аяла, құрметте



Біз үшін көз ілмей таңдарда
Тәңірден сұрады мол бақыт
Өмірін арнаған жандарға
Қимаймыз арнауға сәл уақыт
Осынау бес күнгі жалғанда
Олардай аяулы жан барма
Өкініп қалмайық мәңгіге
Орыны ойсырап қалғандай


[Қайырмасы]
Жанарың жасқа толтырып, жыламасын
Көрмесін ұл мен қызының мұң наласын
Ардақтап ата-ананың біл бағасын
Олардың бақыты сен ғанасын

Жанарың жасқа толтырып, жыламасын
Көрмесін ұл мен қызының мұң наласын
Ардақтап ата-ананың біл бағасын.
Олардың бақыты сен ғанасын
Жан әкең, жан анаң, жанында
Аяла құрметте барында






Comments

Juldiz Abdurahmanova

01 2017

өте мағыналы музыка мағынасы терең күшті

Аяулым

Corrected text

23.04.2021