Айкерім Қалаубаева Уәде берме lyrics

Уәде берме lyrics

Айкерім Қалаубаева

2019

25
0

Share:



Уәде берме,
Өміріңді гүл етем деп уәде берме
Әлемдерде,
Серілердің серті мықты әйелдерге
Уәде берме,
Сүйе алмасаң дәрежеңнен төмендеме
Көнем деме,
Амалсыздан барған тұрмас уәделерде

Қайырмасы:
Уәде берме,
Роза гүлдің жүз бірімен келем деме
Кешкілік Алматыда серуендеуге
Хақың жоқ жүрегімді әурелеуге
Уәде берме,
Сертіңді серім бұзып еркелеме
Тіліңмен мың апардың шет елдерге
Қайтесің қызығы жоқ мекендерде

Уәде берме,
Шын бақытқа жеткізем деп әдемі елде
Уәде берме,
Әр күнімді өткізем деп сенімен бірге
Уәде берме,
Бұйырса деп жүгінбей-ақ дәлелдерге
Корабльде,
Капитан да алаңдайды әлденеге

Қайырмасы:
Уәде берме,
Роза гүлдің жүз бірімен келем деме
Кешкілік Алматыда серуендеуге
Хақың жоқ жүрегімді әурелеуге
Уәде берме,
Сертіңді серім бұзып еркелеме
Тіліңмен мың апардың шет елдерге
Қайтесің қызығы жоқ мекендерде



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Comments
Маржан
11 2019

өте жаксы

Исмагулова Балшат
11 2020

өте керемет

Исмагулова Балшат
26 2020

күшті 👍👌

Akerke Eshtaeva
23 2021

Керемет

Added

11.01.2019


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz