Lyrics
Өзіңмен қалсам кезігіп
Ғажайып бір күй туатын
Екеуміз ғана сезініп
Екеуміз ғана ұғатын
Қайырмасы
Айтуым керек болсада
Сөз табу қиын мұндайда
Айымау мені қинамай
Айтқызбай білсең болмайма
Алаулап нұрың жүзіңде
Ботадай көзің мөлдіреп
Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным кетеді жаным елжіреп
Наздана күлсең сыңғырлай.
Жадырар жаным жаңарып
Жаңбырдан соңғы қырлардай
Дүние кетер тазарып
Дүние кетер жаңарып
Қайырмасы
Айтуым керек болсада
Сөз табу қиын мұндайда
Айымау мені қинамай
Айтқызбай білсең болмайма
Алаулап нұрың жүзіңде
Ботадай көзің мөлдіреп
Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным кетеді жаным елжіреп
Өзгеше толқып көңілім
Өмірім мəңгі туғандай
Аяулым менің айналып
Ғайыптан келіп қонғандай
Қайырмасы
Айтуым керек болсада
Сөз табу қиын мұндайда
Айымау мені қинамай
Айтқызбай білсең болмайма
Алаулап нұрың жүзіңде
Ботадай көзің мөлдіреп
Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным кетеді жаным елжіреп
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).