Айгүл Қосанова ft. Ақылбек Жеменей Қаздар қайтқанда (0) lyrics

Қаздар қайтқанда lyrics

Айгүл Қосанова ft. Ақылбек Жеменей

Қаздар қайтқанда

4
1

Share:


Көк жүзінде барады қаздар қайтып
Күндер солай өтеді шалқып, шалқып
 
Сағыныш қой
Сағыныш қой
Сарала жапырақтар
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып
 
Ақ қайыңдар, қалады дір-дір етіп
Жанымызды бір кезде күлдіретін
 
Жазғы бақта
Жазғы бақта
Саулайды жапырақтар
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп
 
Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп
Қара суық хабары тұр естіліп
 
Қаздар ұшып
Қаздар ұшып
Барады оралмайтын
Қанатына
Көктемді ілестіріп
Қанатына
Көктемді ілестіріп






Comments

Саги Бек

29 2018

оте жаксы

GM

Added Lyrics

23.10.2015