Share:


Балалық шақтың әнімен,
Балауса балғын сәнімен.
Ертегілердің елінен,
Еркелей басып келіп ем.
 
Өмірдің көркем бағынан,
Өзіңді көрсем жаным Ән!
Бөлеп ең мені Бақытқа,
Сол күндерімді сағынам.
 
Қайырмасы:
А-хау, сол бір күндер-ай,
Сағындың ба өзіңде?
Жалғыз сенсің-өмірде,
Жалғыз сенсің-көңілде.
Жалғыз сенсің-өмірде,
Жалғыз сенсің-көңілде.
 
Жалғыз сен ғана жалғанда
Бастайтын мені таңдарға!
Жанымда болса егерде,
Оранам аппақ арманға.
Қуаныш шатшы өңірге
Түсімде және өңімде!
Ғашық боп, жаным, жүрмін мен
Сен бар деп мынау өмірде!  
 
Қайырмасы:
А-хау, сол бір күндер-ай,
Сағындың ба өзіңде?
Жалғыз сенсің-өмірде,
Жалғыз сенсің-көңілде.
Жалғыз сенсің-өмірде,
Жалғыз сенсің-көңілде.
 
Қайырмасы:
А-хау, сол бір күндер-ай,
Сағындың ба өзіңде?
Жалғыз сенсің-өмірде,
Жалғыз сенсің-көңілде.
Жалғыз сенсің-өмірде,
Жалғыз сенсің-көңілде.
 
Айгүл Иманбаева ft. Гүлнұр Оразымбетова, Өмір сен lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

30.10.2015