Әпкем, сіңлім (ft. Сара Тоқтамысова) lyrics

Айгүл Иманбаева

2017

11
1

Share:



Артына ерген қыздарға айнасын әпке
Сырласайын деп едім қайдасын әпке
тілеуінді тілеген жанашыр едің
Жүзіңізден қуаныш таймасың әпке

Іздегенде сіңілім мен қасындамын
Әпкене айт сырынды кел жасырмағын
Арасынан қыл өтпес құрбыдай болған
Арамызда ешбір сыр болмасын жаным

қайырмасы:
Ай менен күндей бір жарған гүлдей
Келеміз өкпені білмей
дәл біздей жүре сырласып күнде
Әпкелі сіңлілдер бірге

Егізімдей бір туған елігім менің
Көңіліңді ақ бұлттай сенің білемін
Сіңіл деген тағдырдың сый екен ғой
Лүпілдейді сен десе менің жүрегім

Ештенеге сен барда алаңдамаймын
Батылдықтың өзі деп саған қараймын
Мейірімнің әлемі әпке дегенім
Білемін ғой әрдайым бағанды арайлым

қайырмасы:
Ай менен күндей бір жарған гүлдей
Келеміз өкпені білмей
Дәл біздей жүре сырласып күнде
Әпкелі сіңлілдер бірге
Айгүл Иманбаева, Әпкем, сіңлім (ft. Сара Тоқтамысова) lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

saizada

21 2017

минус қашан шығады

saizada

Corrected text

21.12.2017