Ақ көгершін lyrics

Айкерім Қалаубаева

Ақ көгершін

2
1

Share:



Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан.
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.

Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.

Сенен көзін алмайды
Ақ ниетті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш-бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап.

Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.

Қанатыңда жазылған
Жалғыз ауыз ұран бар.
Не құдірет құралдан
Ең күштісі сол құрал.
«Бейбітшілік» делінген.
Белгіні оқыр әр адам.
Бақыт құсы келді дер
Қанатыңа қараған.

Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.
айкерім, қалаубаева, әйгерім, айгерим, айгерім, калаубаева, aigerim, aikerim, kalaubayeva, qalaubayeva, kalaubaeva, qalaubaeva, Ақ көгершін lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Қонақ

17 2016

керемет ан мен осы анге дауыс берем

Admin

Corrected text

12.12.2017
Users

GM