Әйгерім Есенаманова Сезіміңді сүйем (0) lyrics

Сезіміңді сүйем lyrics

Әйгерім Есенаманова

Сезіміңді сүйем

0
0

Share:


Сезіміңді сүйемін, мені сүйген,
Сен білмейсің, таныспын сендік күймен.
Саған ғашық болғам жоқпын ешқашанда,
Дегенменен қызғанам шықпай үйден.
Хабарласпай кеттің ғой соңғы кезде,
Ренжімеймін сендегі тың мінезге.
Қоңырау шалып тұрушы ең әлсін-әлсін
Бар десемде, қарағым, сенде жезде.
Смс-те жазбайсың бұрынғыдай,
Жырды менен сұраушы ең ұдай-ұдай.
Жүрегіңді жер еткен мен емеспін,
Сүйгіздірмей қойды ғой мені Құдай.
Сан аруды ғашық қып жүргеніңде,
Бар екенін білгенмін жүрегіңде.
Кездесуге келіспей жүруші едім,
Жолықтық қой бәрібір жыр елінде.
Ұмытуға тырыстың, ұмыттың да,
Айға қарап жүректі ұлыттың да.
Ал мен болсам әлі де қызғанамын,
Сен мен үшін әрдайым ұлы тұлға. 






GM

Added Lyrics

15.10.2015


shinline.kz