Әйгерім Есенаманова Ғашықтық (0) lyrics

Ғашықтық lyrics

Әйгерім Есенаманова

Ғашықтық

0
0

Share:


Көзім шалды бір қызды, қарағанда айнаға,
Көзден жақұт шашылып, нұр төгіп тұр айнала.
Көрмегендей қиындық, жан дүниесі тұп-тұнық
Кербез сұлу нақ өзі, күлім қаққан жай ғана.
 
Таныс болып көрінді жарқын жүзді бұл адам,
Орынымнан қозғалып жасап едім бір қадам.
Сыртқы кейіпі, мінезі кеткен сынды өзгеріп,
Жақынырақ қарасам, өзім екем, о, Аллам.
 
Тарағымды тастай сап, телефонға жүгірдім,
Ғашық екем, шынымен, соны ғана ұғындым.
Смс-ті жазғанда, екі-ақ шумақ төгілді,
Саусақтарым дірілдеп, бір бұрышқа тығылдым:
 
Жүрегіме қатқан мұзды еріттің,
Сені сүйіп, сені сүйіп келіппін.
Жаз жайлауға шыққаннан соң қыстақтан
«Жаным» деген жылы сөзге еріппін,
Одан басқа сөз күттім бе, не күттім?
 
Жаздым соны не дерімді түсінбей,
Білмей тұрмын, өңім бе, әлде түсім бе ей?
Махаббаттың ескерткіші секілді,
Бір орында қатып қалдым мүсіндей...
 






GM

Added Lyrics

29.10.2015


shinline.kz