Тәй-тәй балапан lyrics

Айдар Тұрғанбек

2019

0
0

Share:



Аңқыған иісіңнен
Сен барда үй ішінде
Алланың сыйы үшінде
Аялап ай апасын
Саялап ай аташын
Ұйқыдан оятасың сен
Желбіреп қолың жаным
Қошақан құлыншағым
Томпиған ұрыншағым сен
Бөбегім бөбектейім
Көбейгін көжектерім
Қолыңнан жетектейін мен

Қайырмасы
Тәй-тәй-тәй-тәй балапан!
Елдің бәрін саған қаратам
Тәй-тәй-тәй-тәй балапан!
Елдің бәрін саған қаратам

Бал тілің балдыраған
Күлкіңнен сылдыраған
Өмірің құнды маған
Сыйлаған әр таң маған
Аз басып талтаңдаған
Балпағым балпаңдаған

Қайырмасы
Тәй-тәй-тәй-тәй балапан!
Елдің бәрін саған қаратам
Тәй-тәй-тәй-тәй балапан!
Елдің бәрін саған қаратам
Айдар Тұрғанбек, Тәй-тәй балапан lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

24.05.2019
Users