Мен де бағам сені, келгенінше шамам
Баға алмасам несін жер басып жүр балаң
Алдында Тәңірдің сын болады маған
Бұл не деген төзім жетер емес сөзім
Балам балам дейді жаутеңдеген көзің
Өмір жүгін артып тауқыметін тартып
Арқасында соның өмір сүрдім шалқып
Сенің әсем кейпің бала қамын жейтін
Ауырса да жаны ауырмайдым дейтін
Кіргенінше санам кірлемеді жағам
Сендей адал жанды мен қай жерден табам
Жабырқасам жасып жаннан маза қашып
Алақаның ыстық мандайыма басып
Ауырғанда анам жасқанамын тоңам
Жазылғанша сенің мен жаныңда болам
Ыстығыма күйген мандайымнан сүйген
Шыбын жанын мен деп жаулығына түйген
Ақ шашыңды тарап әр күніңді санап
Сағындың ба ана күнде жолға қарап
Бейнетіңді көрдің бесігіңді тербеп
Бар балаңа бірдей жүрегіңді бердің
Жаншуағын сепкен махаббатын төккен
Бір анаға бәрі бере алмайды ау әттең
Айдар Тұрғанбек, Менің Анам lyrics, 2021 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
Kurash Yerkinbekova
Керемет, әдемі жазылған сөзі.