Бір минут lyrics

Айдар Тұрғанбек

2019

0
0

Share:



Бір минут уақытыңды бөл,
Сөзіме көнбе, мейлі көн.
Сен де, мен де жас емеспіз,
Түсінікпен қараған жөн.
Уақытты өткізбейік құр,
Көп ғашықтар қосылмай жүр.
Ренжістің бәрін ұмытып,
Басыңнан бастайықшы бір.

[Қайырмасы]
Ұшырамын сені қалай қолымнан,
Адастырма махаббаттың жолынан.
Алыс кетпе жанымда бол әрқашан,
Мен сені сағынам.
Ұшырамын сені қалай қолымнан,
Адастырма махаббаттың жолынан.
Алыс кетпе жанымда бол әрқашан,
Мен сені сағынам.


Сыйлайын гүлді,
Айлы аспан түнді.
Көздерің мөлдіреген кімді ұнатты кімді?
Айта алмай сырды,
Жүрегім тоңды.
Жіпсіз байлады сезім мені,
Ғашық қылды.

Бір сәтке көздеріңді жұм,
Ештеңе ойламашы тым.
Бермеймін сені ешкімге,
Мен сені сүйіп қалдым шын.
Өзімнен гөрі сыйың сыр,
Оған бөгет болатын кім?
Біз мәңгі бірге болуға,
Жүрегім менің дайын тұр.

[Қайырмасы]
Ұшырамын сені қалай қолымнан,
Адастырма махаббаттың жолынан.
Алыс кетпе жанымда бол әрқашан,
Мен сені сағынам.
Ұшырамын сені қалай қолымнан,
Адастырма махаббаттың жолынан.
Алыс кетпе жанымда бол әрқашан,
Мен сені сағынам.

[Қайырмасы]
Ұшырамын сені қалай қолымнан,
Адастырма махаббаттың жолынан.
Алыс кетпе жанымда бол әрқашан,
Мен сені сағынам.
Ұшырамын сені қалай қолымнан,
Адастырма махаббаттың жолынан.
Алыс кетпе жанымда бол әрқашан,
Мен сені сағынам.
Айдар Тұрғанбек, Бір минут lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Darkhan Ibraev

27 2019

Күшті екен

Admin

Corrected text

08.11.2019
Users