Ата-анаға алғыс lyrics

Айдар Тұрғанбек

2019

0
0

Share:



Анамда бар әкемде менің
Шүкір айтам аллаға сансыз
Ақыл айтар таусылмайтын кенім
Не істер едім бұл екі жансыз
Жетеледің жетектедің мені
Қолда барды аямадың сен
Ана-әке жақсы көрем сені
Жүректерің жұмсақ сондай кең

Қайырмасы
Разы болсын сізге алла ана
Өмір беріп өсіргеніңе
Разы болсын алла сізгеде әке
Бар қатемді кешіргеніңе
Тағзым етем алдыңызда ана
Ақ сүтіңді ақтаи аламба
Тағзым етем алдыңызда әке
Сүйеу болған мына ғаламда

Бар бағыңа артып өтем
Асыр салып шапқаным үшін
Ақ бесіктей әлдиіңе балқып
Мәпелетіп баққаның үшін
Ардақты әке жырақтасың жаным
Сағыныштың күйін шертемін
Бір алланың арқасында бәрі
Орны бөлек асыл әкемнің

Қайырмасы
Разы болсын сізге алла ана
Өмір беріп өсіргеніңе
Разы болсын алла сізгеде әке
Бар қатемді кешіргеніңе
Тағзым етем алдыңызда ана
Ақ сүтіңді ақтаи аламба
Тағзым етем алдыңызда әке
Сүйеу болған мына ғаламда

Айдар Тұрғанбек, Ата-анаға алғыс lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

18.06.2019
Users