Махаббат әні lyrics

Айдарбек Рысбек , Майя Нугмарова

2020

9
0

Share:



Көктемнің құлпырған шағындай
Арайлап атқан нұр тағындай
Жадырайды жанымда менің
Балғын бағымдай
Сезімге журегім жол ашты
Бүріндей ағаштың алғашқы
Оянған бұл нәзік сезімім
Әнмен жалғасты


Қайырмасы:

Махаббат әні
Жүрекке ұялады
Жер-көкке сия алмадым
Бір өзіңді аңсаумен, асылым
Шомылып ойға
Армандай қиялдадым
Өзгеге қия алмадым
Жүрегімдегі бұл сезімді
Бір сәтке тия алмадым

Санама сезімім бағынбай
Өне бойым ұрт болып жалындай
Ғашықын аңсаған бұл жүрек
Қайтсын сағынбай
Көңілім әнменен үндесті
Ғажайып ерекше күй кешті
Сиқырлы сазым бол
Сезім, жаным сен десті


Қайырмасы:

Махаббат әні
Жүрекке ұялады
Жер-көкке сия алмадым
Бір өзіңді аңсаумен, асылым
Шомылып ойға
Армандай қиялдадым
Өзгеге қия алмадым
Жүрегімдегі бұл сезімді
Бір сәтке тия алмадым

Махаббат әні
Жүрекке ұялады
Жер-көкке сия алмадым
Бір өзіңді аңсаумен, асылым
Шомылып ойға
Армандай қиялдадым
Өзгеге қия алмадым
Жүрегімдегі бұл сезімді
Бір сәтке тия алмадым
Айдарбек Рысбек, Майя Нугмарова, Махаббат әні lyrics, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

01.05.2020