Жабырқата алмас мені жасық мұң.
Махаббатта достығы бар шығайы,
Мағыналы мына өмірге ғашықпын.
Қайырмасы:
Сыбдырлайды ынтық үміт үн қатып,
Бар сенімді алмас үшін ұрлатып.
Мәңгілікке жаныңа нұр сыйлайтын,
Сүйе білу, сүйе білу – бір бақыт.
Көңіл көлге ұмтылатын көбелек,
Өмір – жауын, өте шығар себелеп.
Сол өмірде сыйластықтың өлшемі,
Дос та бола білу қандай керемет!
Қайырмасы:
Сыбдырлайды ынтық үміт үн қатып,
Бар сенімді алмас үшін ұрлатып.
Мәңгілікке жаныңа нұр сыйлайтын,
Сүйе білу, сүйе білу – бір бақыт.
Сезімдерге сергектікпен дір еткен,
Сол махаббат қиялыңа гүл еккен.
Асылыңа асық болу ғанибет,
Ерлік екен - ғашық болу жүрекке.
Қайырмасы:
Сыбдырлайды ынтық үміт үн қатып,
Бар сенімді алмас үшін ұрлатып.
Мәңгілікке жаныңа нұр сыйлайтын,
Сүйе білу, сүйе білу – бір бақыт. Айдар Тұрғанбек, Мен ғашық өмір lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store