Үйлену lyrics

Айдар Тұрғанбек

2017

16
0

Share:



Мəз боласың бауырым асыл қазына тапқандай
Күлімдеген көздеріңнен үйленген саған жаққандай
Жігіттігің артта қалып
Отаға болдың ат балдай
Білмеймісің түскеніңді
Некелі құрық қарқпанға ай

Қайырмасы
Үйленуде үй болуда
Адамға оңай соқпаған
Ата анаңа жата қала
Еркелеу енді жоқ саған

Əйел ақылды болмаса
Еркек бақытты болмайды
Ұрпағың үшін өмірде
Бəрінен бұрын сол қайғы
Бақыттың кілті əйелде
Разы ғой ата енеңде
Тастамай біл бір біріңді
Салып жүр əсем əуенге

Қайырмасы
Үйленуде үй болуда
Адамға оңай соқпаған
Ата анаңа жата қала
Еркелеу енді жоқ саған
Ойлан бүгін бойдақтығым
Оралмас енді тап маған
Тек езіндей мен өзімдей
Жарыма бала боп қалам

Күйіп пісіп сүйіп құшып
Махаббат əнін саласың
Болашақтан сол ошақтан
Бақыттың кілтін табасың
Ата ана балашаға жанардың ақпен қарасы
Əйеліңмен жан еміңмен
Қай жаққа қашып барасың

Қайырмасы
Үйленуде үй болуда
Адамға оңай соқпаған
Ата анаңа жата қала
Еркелеу енді жоқ саған
Ойлан бүгін бойдақтығым
Оралмас енді тап маған
Тек езіндей мен өзімдей
Жарыма бала боп қалам
Айдар Тұрғанбек, Үйлену lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

05.06.2018
Users