Мінәжат lyrics

Айдана Меденова

2020

0
0

Share:



Тұра берсін жерім аман, тауым да аман
Аман жүрсін досым да, жауым да аман
Адам түгіл, шөптер мен жәндіктердің,
Қиналғанын сезіну - ауыр маған...

[Қайырмасы]
Өткереді не зұлмат, құйынды адам,
Елім аман болсыншы, үйім де аман.
Жаратқан-ай сақтағай адамзатты
Сол болсыншы беретін сыйың маған!


Көңілім бар ешкімге тарылмаған,
Аман болсын жат адам,
бауыр да аман,
Адам түгіл, тұп-тұнық мына аспаннан,
жұлдыз ағып құласа - ауыр маған...

[Қайырмасы]
Өткереді не зұлмат, құйынды адам,
Елім аман болсыншы, үйім де аман.
Жаратқан-ай сақтағай адамзатты
Сол болсыншы беретін сыйың маған!


Шаршасам да қуатты дауылдардан,
Жауындардан беймезгіл сауылдаған.
Бәріне де көнер ем, тек сәбидің,
Жаутаңдаса жанары - ауыр маған...


[Қайырмасы]
Өткереді не зұлмат, құйынды адам,
Елім аман болсыншы, үйім де аман.
Жаратқан-ай сақтағай адамзатты
Сол болсыншы беретін сыйың маған!

Сөзі: Ақберен Елгезек
айдана, меденова, aidana, medenova, Мінәжат lyrics, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

23.06.2020