Ахау керім (халық әні) lyrics

Айдана Меденова

2020

7
1

Share:



Айналайын қарағым алтыным-ай
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай
Көрмегелі көп айдың жүзі болды
Есен-аман жүрмісің жарқыным-ай

Ахау, керім, бұраң белім
Күнде жиын күнде той
Жүрген жерің

Ризамын жан қалқа сертке жетсең
Қиын-қыстау жерлерден аман өткең
Бір шыбындай жанымды құрбан етем
Ғашығыңды өзің біл зар еңіретсең



Аяй сарым сәуле жаным
Сағынғанда қайда едің
Ғашық жарым

Сіз асыл зат қалқатай сағаттағы
Көңілімді сүйген жар табад-тағы
Көңілімді сүйген жар таппай кетсе
Көңіл шіркін қайтейін қалад-тағы

Аяй керім мөлдір көзің
Әлі есімнен кетпейді
Айтқан сөзің
Ахау, керім, бұраң белім
Күнде жиын күнде той
Жүрген жерің

айдана, меденова, aidana, medenova, Ахау керім (халық әні) lyrics, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Asem Myrzamuratova

Corrected text

06.03.2020
Users