Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? lyrics

Айдана Тасбекова

1
0

Share:


Кеше кім едік? Бүгін кімбіз?
Қазағымның тарихы бар тасқа басқан таңбадай,
Қазақ деген бірге өскен, бай-кедей деп таңдамай.
Қазір мүлде басқашамыз, көкірекпіз, менменбіз,
Қайран қалам, өзгерген бұл, заманым ба аллам ай!Ақсақалы қазағымнын қаза қылмас намазын,
Ақыл айтып мешіттерде, айтып жүрген азанын.
Айып етпе қариялар бар бұл күндері ғажайып,
Арақ үшін қарап жүрген бәз біреудін қазанын.Заңғар биік Ақан сері, Біржандар,
Заманымнын төресі ғой бұл жандар.
Зуылдаған мына жарық дүниеде,
Заманауи Сайлаубектей тұлғаң бар.Аңыз қылып, атын әлем шыңдаған,
Ағайындар қолын соғып, құрметтеген тыңдаған.
Арызым сол қайда кеттің қазағым,
Ақан әнін Сайлаубектін сөздерімен былғаған.Ғажап еді, қазағымның қыздары,
Ғалам тегі соларға бет бұрғаны.
Ғасырымда қалған шашбау, сәукеле,
Ғайып болып, мода қуып жүр бәрі.Ыбырайлар таза тілдің жанашыры адамы,
Ықыласпен қазақ тілін құрметтеді қарады.
Ынтымақ деп қатар сөйлеп үш тілді,
Ырысымыз тілмен бірге өзге жерге барады.Мәдениеті қазағымның биік тым,
Мәртебесі биігінде биіктің.
Мәселесін айтсамда мен мақтамай,
Мақтанамын қазағыммен сен әрқашан биіксің!!!
Айдана Тасбекова, Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

06.11.2017