Айбек Мұхамед-Әлі Анажан lyrics

Share:




Lyrics



Тербеткен тал ұйықтамай бесігімді
Ана жан ақ сүтіңе тең келмейді
Апарып жазсамдағы есіміңді

Қайырмасы
Лебіндей ақ адырдың
Шуағы ай жанарыңның
О жұмақ білем сенің астыңда табаныңның
Жаным ана!!!

Қиындық қысса дағы маңдайыңды
Көрсеттің мейіріңмен талай үлгі
Ана жан кешіре гқр тентегіңді
Егерде ерте ағартсам самайыңды

Қайырмасы
Лебіндей ақ адырдың
Шуағы ай жанарыңның
О, жұмақ білем сенің астыңда табаныңның
Жаным ана!!!

Атымды алыстатпай ағайын ей
Жанымды нұрландырдың арайыңмен
Анашым қабыл алшы осы әнімді
Мойныңа алқа етіп тағайын мен

Қайырмасы
Лебіндей ақ адырдың
Шуағы ай жанарыңның
О жұмақ білем сенің астыңда табаныңның
Жаным ана!!!




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

11.03.2019


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz