Есіңе мені алғайсың lyrics

Ай-Хай тобы

2017

12
0

Share:



Есіңе мені алғайсың

Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанда,
Найзағай шаншып өткенде,
Есіңе мені алғайсың!

Қаз бауыр бұлттар маңғанда,
Орманға жазда барғанда,
Арманда мені арманда,
Мен бар деп мынау жалғанда,
Есіңе мені алғайсың!

Қараша келген шақтарда,
Құлазып тұрған бақтарда,
Жапырақ жайрап жатқанда,
Қурайлар сыңсый қаққанда,
Есіңе мені алғайсың!

Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып атқан ақтаңдай,
Бозарып тұрып ақпанда,
Есіңе мені алғайсың!
Жапырақ жайрап жатқанда,
Қурайлар сыңсый қаққанда,
Есіңе мені алғайсың!


Ай-Хай тобы, Есіңе мені алғайсың lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Kuralay

Corrected text

01.04.2017
Users