Мейлі жаным lyrics

Ахмет Зинатдинов

Мейлі жаным

1
0

Share:


Мейлі жаным мені еш сүймей-ақ қой,
Сезбейде жүре бер сезімімді,
Таусыта бер таусылған төзімімді.
Махаббатың бақытты бал кездерін.
Қалаймын өзіңменен сезінуді.
 
Мейлі жаным мені еш сүймей-ақ қой,
Арнасаңда басқа жанға жүрегіңді,
Біліп жүр саған бақыт тілерімді.
Тек қана кеудемде сен деп соққан,
Жаралама саған ғашық жүрегімді.
 
Мейлі жаным мені еш сүймей-ақ қой,
Сезімімді бағаламай жүре берші,
Сүйгеніңді бақытқа жетелеші.
Еш болмаса мен сені сағынғанда,
Түсіме еніп жаным маған еркелеші.
 
Мейлі жаным мені еш сүймей-ақ қой,
Сонда да мені сені жақсы көрем,
Жалғандағы бақытымды сен деп білем.
Сен мені ешқашан сүймесеңде,
Мен сені мәңгіге сүйіп өтем.
Ахмет Зинатдинов, Мейлі жаным lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

25.10.2015