Ахмет Байтұрсынұлы Жауға түскеннің сөзі (0) lyrics

Жауға түскеннің сөзі lyrics

Ахмет Байтұрсынұлы

0
0

Share:


Жанға көңіл қалып тұр,
Жан бұл күйге салып тұр.
Тәнге көңіл қалып тұр,
Тән шыдамай, арып тұр.
Жұртқа көңіл қалып тұр,
Жұрт жалғанға нанып тұр.
Өтірік өрлеп күшейіп,
Шын жеңіліп, талып тұр.
Бақ дегенге байлау жоқ,
Уағдадан танып тұр.
Тағдыр шіркін тап беріп,
Тамағымнан алып тұр.
Бәле деген аңдушы
Аяғымнан шалып тұр.
Жала деген төбеті
Балтырымнан қауып тұр.
Жау білегін сыбанып,
Пышағын қайрап, жанып тұр.
Сауысқан, қарға, қарақұс
Жемтік аңдып, бағып тұр.
Көре алмаған күншілдің
Көңіліне мұным жағып тұр.
Табалаған жаманның
Шаян тілі шағып тұр.
«Әй, сені ме?!» дегеннің
Айызы әбден қанып тұр.
Жаны ашыған жақынның
Жас көзінен ағып тұр.
Айыруға амал жоқ,
Қылышын жерге шауып тұр.
«Әлдеқалай болар» деп,
Жүрегі жұлқып қағып тұр...
Түгі жылы, білмедім,
Түледі ме - нағып тұр?
Түлемеген түпкі дос,
Түлегенің барып тұр!..






GM

Added Lyrics

26.08.2016