Ахмет Байтұрсынұлы Сөз иесінен (0) lyrics

Сөз иесінен lyrics

Ахмет Байтұрсынұлы

0
0

Share:


Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса:
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара, яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!






GM

Added Lyrics

26.08.2016