Ахмет Байтұрсынұлы Қаптесер мен көртышқан (0) lyrics

Қаптесер мен көртышқан lyrics

Ахмет Байтұрсынұлы

0
0

Share:


Қаптесер келіп айтты Көртышқанға:
«Бір хабар шашылып тұр жер-жаһанға.
Күн туып біздерге де көз ашқандай,
Жем бопты Мысық залым Арыстанға.
Тыныштық бермеуші еді, Құдай ұрған,
Жазасын тартпасын ба ол дұшпан да?!».
Көртышқан айтты деңіз сонда не деп:
«Бұл хабар, рас болса, жақсы ғой бек.
Дүниеде болмастай бір оқиға екен,
Қуанба, Қаптесерім, сен босқа тек.
Бекер деп, менің бұған нанбайтыным
Мысықты ешкім жеңіп алмайтұғын.
Тырнасса оныменен, шексіз білем
Арыстан аман, тірі қалмайтынын».

* * *
Бұл сөзді біреу ұқпай, біреу ұқты,
Айтайын, не мағына мұнан шықты:
Қорыққанда бір адамнан, жаман ойлар
Дүниеде ешкім жоқ деп сонан мықты.






GM

Added Lyrics

26.08.2016