Share:




Lyrics



Күлкіде ойында да
Жеңілде де қиында да
Дауылда да құйында
Жан жағымда бауырларым бар
Тағдыр сый сыйлағанда
Кейде бір сынағанда
Жанымнан табылар
Жанашыр бауырлар
Әрқашанда қай жерде болсаңда
Тілерім менің бауырларыма
Бауырларым аман бол!

Қайырмасы
Бауырым барда бауырым
Үзілмейді ғой тамырым
Жұдырық болсақ жеңеміз
Сынын тағдырдың
Бауырым барда бауырым
Жалғаса берер дәуірім
Жұдырық болып көтереміз
Жүк ауырын

Ой қосар ойымада
Сөз қосар жырымада
Алаңсыз сүйінетін қорған болар ағаларым
Сенетін шындығыма
Сай тосты ұғымына
Шын бауыр табылса
Жоғалтып алма қашанда
Әрқашанда қай жерде болсаңда
Тілерім менің бауырларыма
Бауырларым аман бол!


Қайырмасы
Бауырым барда бауырым
Үзілмейді ғой тамырым
Жұдырық болсақ жеңеміз
Сынын тағдырдың
Бауырым барда бауырым
Жалғаса берер дәуірім
Жұдырық болып көтереміз
Жүк ауырын





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

09.04.2019