Әніңді сенің аңсадым lyrics

Ә.Еспаев

Әніңді сенің аңсадым

0
0

Share:


Сені ойласам жүректің
Таба алмаймын тағатын
Мені билеп бір екпін
Қиял сермер қанатын
Жасыл жайлау жерінде
Жастық шіркін гүл еді
Сеніңдағы менің де
Арманымыз бір еді!
 
Қайырмасы:
Жарқылдап жүруші едің-ау
Жалынға толып жас жаның
Алыста жүрген, жан еркем
Әніңді сенің аңсадым!
 
Алғаш көрген кезімнен
Бақытымды сезгенмін
Теңгерем бе өзіңе
Бұлбұл құсын өзгенің!
Сені ойласам жүректің
Таба алмаймын тағатын
Мені билеп бір екпін
Қиял сермер қанатын
 
Қайырмасы:
Жарқылдап жүруші едің-ау
Жалынға толып жас жаның
Алыста жүрген, жан еркем
Әніңді сенің аңсадым!
 
Ә.Еспаев, Әніңді сенің аңсадым lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

30.10.2015