Әділет Жауғашар Ақ періштем (2021), lyrics

Ақ періштем lyrics

Әділет Жауғашар

2021

1
0

Share:



Көңілім көк аспанмен тілдеседі
Ойласам ақ періштем күнде сені
Кездейсоқ егер саған кезікпесем
Жүрегім ғашықтықты білмес еді
Түнде де сені іздеймін айналадан
Жанымда Ай сәулесі аймалаған
Қалай да мен өзіңе қол жеткізем
Періштем сені ұмыту қайда маған

[Қайырмасы]
Ол менің ақ періштем
Келбетің ақ келіскен
Мен саған ғашық болып
Қиналдым әттең іштен

Дертімді сезімсіз-ақ емдегенмін
Сертімді көп сұлуға бермегенмін
Өмірде сендей қызға кезігуді
Ең тәтті түсімде де көрмегенмін
Сөзіме сенбейсің бе мына менің
Неліктен шарлатасың мұң әлемін
Егер де жүрегіме еніп көрсең
Қаншалық сүйгенімді ұғар едің

[Қайырмасы]
Ол менің ақ періштем
Келбетің ақ келіскен
Мен саған ғашық болып
Қиналдым әттең іштен






Admin

Corrected text

25.12.2021
Users


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz