Күтем lyrics

Әділет Асанов

Күтем

1
0

Share:


1)Күздегі гүлдің,
Таңдарда тұнған шығында күтем.
Сіздегі мұңның,
Аңғармай қалған ығында күтем.
Жаралы жанның,
Тынымсыз атқан таңында күтем.
Даралы әннің, 
Шыркалар шақта жанында күтем.
 
Қайырмасы:
 
Алданған құстың,
Жасаурап қалған көзінде күтем.
Арманнан ұшқын, 
Жанып та сөнген кезінде күтем.
Журекке мұздақ,
Қадала қанға малынса күтем.
Сезімім сыздап,
Босат деп жылап жалынса күтем.
Күтер едім..
 
2)Күз келер мұңды,
Үн түнсіз жалғыз тағыда күтем.
Сіз келер күнді,
Жабыға аңсап сағына күтем.
Жұбатасыз-ау,
Алайда сенбей таңдана күтем.
Жылатасыз-ау,
Мен сізді, сізді сонда да күтем.
 
Қайырмасы:
 
Алданған құстың,
Жасаурап қалған көзінде күтем.
Арманнан ұшқын, 
Жанып та сөнген кезінде күтем.
Журекке мұздақ,
Қадала қанға малынса күтем.
Сезімім сыздап,
Босат деп жылап жалынса күтем.
Күтер едім, күтер едім.
 

Әділет Асанов, Күтем lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015