Құстар lyrics

Ademi

Құстар

2
0

Share:



Жанымды тербеп мың құбылтып салатын
Қайда сол ғажайып құстардың әні
Бірге ұшып кетер ем жоқ әттен қанатым
Аққуға айналар ғашықтар жаны
Толқытқан тербеткен шақыртқан
Бақытқа баураған құстардың сазы
Махаббат әні

[Қайырмасы:]
Құстар құстар айтшы жыр ән
Айтшы маған махаббат сырын
Құстар құстар сырыр уақыт
Құс боп ұшып бара ма күткен бақыт

Сағынтып келесін жадыраған көктемде
Бақытқа бөлейсің сезімнің көлін
Неге ұшып кетесің күз қайтып жеткенде
Сүренсіз қалдырып көңілдің төрін
Жабығып қалмасын жүрегім
Жанымды саялап бақ құсым мәңгі
Тербесің әнді

[Қайырмасы:]
Құстар құстар айтшы жыр ән
Айтшы маған махаббат сырын
Құстар құстар сырыр уақыт
Құс боп ұшып бара ма күткен бақыт
Ademi, Құстар lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Nurali

29 2016

jaksi ander

Айгерім

08 2016

құстар

Anonymous

Corrected text

16.04.2016
Users

GM

Music Videos
Ademi
Құстар