Қайран арулар lyrics

Әбу-Сұлтан

2017

5
0

Share:



1.Қыздар,қыздар қырға шыққан қырмызы гүлдер,
Сол қыздарды ойлауменен өтті ғой күндер.
Гүлдер өссін тиіспе деп аялап жүрсек,
Сабағыңды суырамын деп жүр екен кімдер ?
Қайырмасы:
Қайран арулар,бақыт табыңдар!
Алдарыңда күтіп тұрған қандай тағдырлар?
Күлімдейсіңдер,күлімдейсіңдер!
Қайсымызға күле қарап күнім дейсіңдер!
2.Қиялдарға бізбен бірге қалықтайсыңдар
Қиналтуға жігіттерді жалықпайсыңдар!
Гүлдей жайнап хауздарың ашылған шақта,
Көпшілігің сүйген жарға жолықпайсыңдар!
Қайырмасы:
Қайран арулар,бақыт табыңдар!
Алдарыңда күтіп тұрған қандай тағдырлар?
Күлімдейсіңдер,күлімдейсіңдер!
Қайсымызға күле қарап күнім дейсіңдер!
3.Əлемдегі тіршіліктің тірегісіңдер,
Жігіттерге жалын берген жүрегісіңдер.
Талай боздар жолдарыңда құрбан болды ғой!
Қайран қыздар жақсылықты білемісіңдер?!
Қайырмасы:
Қайран арулар,бақыт табыңдар!
Алдарыңда күтіп тұрған қандай тағдырлар?
Күлімдейсіңдер,күлімдейсіңдер!
Қайсымызға күле қарап күнім дейсіңдер!
Әбу-Сұлтан, Қайран арулар lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

28.01.2018
Users