Қыстағы ой lyrics

Әбіш Кекілбаев

0
0

Share:


Қабаған аяз сықылдап,
Бетімнен алып тістеді.
Дәурені өтіп жатыр бақ
Тұнжыратты қыс мені.
Иығыма мұз артып,
Ақ дүлей боран қағынған.
Екі бетті қызартып,
Жіберді тартып жағымнан.
Күні-түні ұлыған,
Жалықтырды өкпек үн.
Сергіген жаным нұрынан
Көктемім қайда, көктемім...
Іркеді ойдың тізгінін,
Арқадан аяз өткен күн.
Қыс болмаса біз құнын,
Білмес едік көктемнің.
Әбіш Кекілбаев, Қыстағы ой lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

28.01.2017