Әбиірбек Тінәлі ft. Майра Желтоқсан желі (0) lyrics

Желтоқсан желі lyrics

Әбиірбек Тінәлі ft. Майра

Желтоқсан желі

6
0

Share:

lamoda kz

Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.
 
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Шайқалды күйім,
Шайқалды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
Әлім де кеміп,
Қинады берік жанымды.
 
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.
 
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды. 






Comments

Диас Коганбаев

08 2017

Өте кншти олен

Aisulu Darmenova

03 2018

Медина Калым

16 2018

өлеңін қойыңыздарша. өтінем күшті өлең

GM

Added Lyrics

23.10.2015