Әбиірбек Тінәлі Анамның тілі (0) lyrics

Анамның тілі lyrics

Әбиірбек Тінәлі

Анамның тілі

1
0

Share:


Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
 
Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.
 
Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
 
Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан. 






GM

Added Lyrics

23.10.2015