Әбдіжаппар Әлқожа & Жандос Қаржаубай Хақың бар өмір сүрүге (2021), lyrics

Хақың бар өмір сүрүге lyrics

Әбдіжаппар Әлқожа , Жандос Қаржаубай

2021

2
0

Share:



Тілдеме досым тіршілігіңді,
Күндеме мәнін ғұмырдың.
Сезеді Құдай құлшылығыңды,
Сезбесе неге жығылдың?

Жұттың ба жұпар тылсым деміңді,
Барсың ғой барсың тірісің.
Естиді Құдай күрсінгеніңді,
Айқайлай берме құрысын.

Шыр еткен шақтан шапағат берді,
Жөнің жоқ еді алаңдар.
Мөп-мөлдір таза махаббат берді,
Былғады оны адамдар.

Қара басымды қаңтарып кетті,
Махаббатыма сеніп ем.
Көп достар менен жалтарып кетті,
Жалғыздық қалды менімен.
Көп достар менен жалтарып кетті,
Жалғыздық қалды менімен.

Ар, намыс берді, арпалыс берді,
Талауда талай қалғанмын.
Жеңдіріп мұңға арқа күштерді,
Жағасын алдық жалғанның.

Жаныңмен сүйші жұмыр ғаламды,
Кім үшін бірақ кім үшін...?
Естиді Құдай сыбырлағанды,
Айқайлай берме құрысын...

Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді,
Тағдырдан кінә көрме сен.
Күдік сейілер, үміт өлмейді,
Өлімнен бұрын өлме сен.

Шуақ түспейді көңілге кектен,
Ит қана туған үруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.

Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді,
Тағдырдан кінә көрме сен.
Күдік сейілер, үміт өлмейді,
Өлімнен бұрын өлме сен.

Шуақ түспейді көңілге кектен,
Ит қана туған үруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.
Хақың бар өмір сүруге.






Admin

Corrected text

18.05.2021
Users