Әбдіжаппар Әлқожа & Төреғали Төреәлі Біз қазақтың баласы (2019), lyrics

Біз қазақтың баласы lyrics

Әбдіжаппар Әлқожа , Төреғали Төреәлі

2019

58
3

Share:



Ассалаумағалейкум эй қожаның қарасы
Уағалейкумассалам ұлы дала баласы

Эй тәкаппар дүние бізге де бір қарашы
Танимысың сен бізді
Біз қазақтың баласы, біз қазақтың баласы

Бес күндік мына жалғаннан қара да өткен хан да өткен
Беу дүние деп әндеткен
Сері де өткен сал да өткен
Тотыдай болып таранып
Сыланып сұлу жар да өткен
Аманат сөзді арқалап
Қатепті талай нар да өткен
Өлшеулі өмір болған соң
Бәрінен ұшып жан кеткен
Айналайын халық қой
Халық деген алып қой
Солардың өмірін ей
Мәңгі еткен

Біріңді, қазақ, бірің дос. Көрмесең, істің бәрі бос

Өзекті пенбе болған соң
Сүрініп кейде құлайсың
Әр кәлләда бір қиял
Бәріне қалай ұнайсың
Сүйген құлға берді деп
Сынақ келсе шыдайсың
Жұрт көзінше күлгенмен
Жалғыз қалып жылайсың
Көңілдің сынған айнасын
Сабырмен ғана құрайсың
Бабаның тыңдап нақылын
Бәрінің сосын ақырын
Құдайдан ғана сұрайсың-ей

Біріңді, қазақ, бірің дос. Көрмесең, істің бәрі бос

Қожа, төре, қазақпыз
Бөлінуге азартпыз
Көп болсақ екен өзіміз
Ат төбелінен азақпыз
Қамшыламай шымшылап
Бір-бірімізді қажаппыз
Кете берсе осылай
Онда бала мазақпыз
Бір төбеге жиылсақ
Бір арнаға құйылсақ
Сонда ғана ей ғажаппыз

Ғажап дейтін себебі
Ырыс алды ынтымақ
Екі ортаға түссе де
Дүние деген жылтырақ
Жамау қылма жеңіне
Жағасын ердің жыртып алып
Бірлігің кетсе қаларсың
Сай сүйегің сырқырап
Қадірін соның білсек қой
Қаз қатар бірге жүрсек қой
Қазақтың иісі ай бұрқырап


Оригинал жігітсің
Жүрегі жалын, көзі алау
Кестеленген әнімен
Кесек-кесек сөз анау
Мешіт салған бұл досым
Бәрінен түбі озады-ау
Қолын жайсын құрдасың
Ұлы дала тыңдасын
Батаңды бер қожам-ау

Мен не деп бата берейін
Аман болсын Алашым
Ұятты ұл мен қыспасын
Қазақтың ұлы даласын
Ел аман жұрт тыныш болып
Бөлмесін ешкім арасын
Әбдіжаппар басқа не десін
Қалған батаны Төрешім
атаңнан сұрап аларсын

Біріңді, қазақ, бірің дос. Көрмесең, істің бәрі бос






Comments

Оралбай

20 2019

күшті сөздері мағыналы керемет Төреғали Әбдіжаппар екеуіде мықты әншілер

Асан Бекасыл

06 2020

зор

Асан Бекасыл

06 2020

зор кушти

Асан Бекасыл

06 2020

зор кушти.

aydana.burkitova@gmail.com

03 2020

😎😎😎😎💪💪💪

Лаура Айтбаева

21 2020

керемет😎😎😎

Жәнібек

29 2021

😎😎

Нұрдәулет

23 2021

жақсы

Арай

Corrected text

01.05.2021