Бұрымды қыз lyrics

Әбдіжаппар Әлқожа

2018

35
5

Share:



Жүз жігітке жүзін бұрып қарамаған,
Бір аруға қарап келем бағанадан.
Жүз бір түрлі күйге салды жас жанымды,
Шаш бауының сыңғырынан тараған ән.
Жүз бір түрлі күйге салды жас жанымды,
Шаш бауының сыңғырынан тараған ән.

[Қайырмасы]
Бұрымды қыз, бұрымды қыз,
Бірдеңені сезгендей бұрылдыңыз.
Бұрылдыңыз, бұрымды қыз,
Енді ұмыта алмаспыз түріңді біз.
Бұрымды қыз, бұрымды қыз,
Жып-жылы сезіміме жылындыңыз.
Бір қарадың, бұрымды қыз,
Жүрегімді босатты бұрымды қыз.

Ұзын шаштан көзімді алмай ақырында,
Ұзап кеттім мен бірнеше шақырымға.
Бұрымыңдай болсын деймін ғұмырыңда,
Ғұмырыңдай болсын деймін ақылыңда.
Бұрымыңдай болсын деймін ғұмырыңда,
Ғұмырыңдай болсын деймін ақылыңда.

[Қайырмасы]
Бұрымды қыз, бұрымды қыз,
Бірдеңені сезгендей бұрылдыңыз.
Бұрылдыңыз, бұрымды қыз,
Енді ұмыта алмаспыз түріңді біз.
Бұрымды қыз, бұрымды қыз,
Жып-жылы сезіміме жылындыңыз.
Бір қарадың, бұрымды қыз,
Жүрегімді босатты бұрымды қыз.
әбдіжаппар, әлқожа, абдижаппар, алкожа, abdizhappar, alkozha, abdijappar, alkoja, Бұрымды қыз lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Жарас

30 2018

Тема

Admin

Corrected text

24.05.2018
Users