Жалшылар, міне жеңді енді lyrics

Әбділдә Тәжібаев

0
0

Share:


Ауылда ірі байлардың
Өрісті малы бермеді,
Жалшы еңбегін жатып жеп,
Еңбек заңын көрмеді.
Күндерін көксеп датқалық,
Кеуделерін кернеді.
Малына сеніп күмпиіп,
Арамдар сөйтіп өрледі.
Сайлау болса жылтылдап,
«Мен жағыма кел, - деді.
- Көтеруге бағымды,
Құйыршық болып ер», - деді.
Советті күндеп, өсектеп,
Біле тұра сенбеді.
Қосшы ұйымын құлдар деп,
Кіжініп қолын сермеді.
«Тасқын суға бір тосу»
Дегендей, тосу келді енді.
Партия беріп басшылық
Кедейлер жеке меңгерді.
Байға жасап шабуыл,
Таразысы тең келді.
Тең келмеді - ау басынды,
Малына салып шеңгелді.
Ақ ордасын ойрандап
Жалшылар, міне, жеңді енді,
Әбділдә Тәжібаев, Жалшылар, міне жеңді енді lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016