Шабытым жайсын қанатын lyrics

Әбділдә Тәжібаев

0
0

Share:


Өткеннің бәрі өткен ғой,
Алыстап кейін қалатын.
Есіме кейде алатын
Болады сирек сағатым.

Есімде нәзік бір сәуле:
Көңліме жарық жағатын,
Жадырап жаным жаятын
Қағуға алтын қанатын.

Жайылса жанның қанаты
Жүрегім жүрдек соғатын.
Сонда бір дауыс ішімнен
Дейтұғын: - Кәне, төк, ақын.

Есімде... Сонда қолыма
Ұшып кеп шымшық қонатын,
Бөлмемнің іші сыңғырлап,
Сиқырлы күйге толатын.

Көңілді кірбең баспасын
Көбейші, сондай сағатым.
Жаңа бір жырлар бастасын,
Шабытым жайсын қанатын.
Әбділдә Тәжібаев, Шабытым жайсын қанатын lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016