Қыс пен жаз lyrics

Әбділдә Тәжібаев

0
0

Share:


Балқытып гүлді деміне
Сүйді жаз әбден беріле;
Әкетпек еді ұзатып
Өзінің жылы жеріне...
Қызғаншақ қыс келді де
Сілтеді суық қанжарын.
Жас жігіт қыршын өлді де
Қалдырып кетті жан жарын.
Құтырган шал құмартты,
Қызыға сүйді жас гүлді.
Бойына нәзік мұз қатты,
Үгілді гүл, төгілді.
Әбділдә Тәжібаев, Қыс пен жаз lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016