Бес түлік жыры Бөрте лақ lyrics

Әбділдә Тәжібаев

0
0

Share:


Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме демінді ал
Селтеңдемей кұлағың.
Марқа туған бөрте лақ
Әңгімеме сал құлқк.
Ойнай көрме тым ұзап:
Боп жүрмесін бөрі тап.
Секіре ме, нетеді,
Тау текеден өтеді,
Сына ма деп тұяғың -
Сенен зәрем кетеді.
Шоли берме жан-жақты,
Болшы, бөртем, салмақты,
Жөнемексің, шұбыртып
Бар қозыны, бар лақты.
Шұнаңдама, қағынба,
Тарта берме қалыңға.
Жібермеймін тым ұзақ,
Жайылыңдар маңымда.
Әбділдә Тәжібаев, Бес түлік жыры Бөрте лақ lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016