Танысып ем жайлауда.
Қағушы еді домбыра
Қыз ұзатқан тойларда.
Ағып тұрған әнші еді
Арнап туған сайрауға.
Тоймаушы еді талғанша
Түнде ақсүйек ойнауға.
Қайда екен сол жылқышы?
Әсем еді-ау күлкісі.
Жылқышы бір, жел де бір
Жел қайда деп кім сұрар?
Жүйрікті таңдап мінгеннің
Өзінде ғой ықтияр.
Я бір биік жартаста
Ортекедей тұр шығар,
Я бір жасыл жазықта
Желідей есіп жүр шығар.
Қайда екен сол жылқышы?
Әсем еді-ау күлкісі. Әбділдә Тәжібаев, Бар еді бір жылқышы... lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store