Абайдың әні Көзімнің қарасы (0) lyrics

Көзімнің қарасы lyrics

Абайдың әні

Көзімнің қарасы

9
0

Share:


Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы


Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
'Бар' демес сендей бір
Адамның баласы


Жылайын, жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келегнде
Қалқама сөз дайын


Жүректен козғайын
Әдептен озбайын
Өзі де білмей ме
Көп сөйлеп созбайын

Абайдың әні






Comments

ErSa Kaz {kz}

28 2016

Жақса

Айдар Каратаев

10 2018

қазақ əнінің қаймағы

GM

Added Lyrics

28.10.2015